Алматы облысында биыл 13 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында биыл 13 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді

24.05.2016
Алматы облысында биыл 13 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді
Аймақта 2 мектеп 12 жылдық білім беру стандартымен сынақтан өтуде.

Алматы облысында биыл 13 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Олардың 10 мыңға жуығы Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Еліміздегі білім саласындағы реформалар Алматы облысында да қарқынды жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 2 мектеп 12 жылдық білім беру стандартымен сынақтан өтуде. Балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі 80 пайызға жуықтады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу