Ақтауда теңізшілерді даярлайтын жаттығу кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда теңізшілерді даярлайтын жаттығу кешені ашылды

13.05.2016
Ақтауда теңізшілерді даярлайтын жаттығу кешені ашылды
Мұндай мүмкіндікті нидерландтық кәсіпорын жасап отыр.

Ақтаудағы жоғары оқу орнында келешек теңізшілерді даярлайтын жаттығу орталығы ашылды. Мұндай мүмкіндікті нидерландтық кәсіпорын жасап отыр. «Вагенборг Қазақстан» компаниясы құны 530 мың доллардан асатын құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

Шахмардан Есенов атындағы университет өз студенттерінің біліктілігін арттыру үшін келісімшартқа да отырды. Яғни, болашақ мамандар «кемені басқару» және «машина бөлімі» жаттығу кешендерінде халықаралық теңіз ұйымының талаптарына сай оқытылады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу