Елімізде колледждер кәсіби кадр даярлау сапасын жетілдіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде колледждер кәсіби кадр даярлау сапасын жетілдіреді

18.03.2016
Елімізде колледждер кәсіби кадр даярлау сапасын жетілдіреді
Бұл туралы Алматыда бас қосқан колледж басшылары мен белді экономистер айтты.

Сарапшылардың сөзінше, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүйелі іске асыруда ең алдымен бәсекеге қабілетті, кәсіби кадр керек. Мәселен, Индустрияландырудың екінші бесжылдығында кәсіпорындар тарапынан ғылыми техникалық әрі білікті мамандарға сұраныс артқан.

Жалпы, бүгінде ірі мегаполистегі 68 колледжді жыл сайын 18 мың түлек бітіреді. Ал, олардың көбісі қазір экономиканың әр секторында қызмет етуде.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу