ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілді

17.03.2016
ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілді
Тиісті түзетулер жасалған заң жобасын бүгін Сенат жалпы отырысында қабылдады.

Мектеп оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыра алатын болды. Тиісті түзетулер жасалған заң жобасын бүгін Сенаттың жалпы отырысында қабылдады.

Мұндай өзгеріс енгізу негізсіз емес. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев елімізде ҰБТ-ны тапсырудан бас тартатын түлектер саны жыл сайын артып келе жатқандығын айтады.

Мәселен, биыл олардың қатары 46 мыңға жеткен. Оларға тестілеуден сүрінетіндерді қосқанда жыл сайын Қазақстанда 100 мыңнан астам жас жоғары оқу орнында білім алудан шет қалып жатыр.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу