Ғылымды коммерцияландыру заңмен реттелетін болады

Ғылымды қаржыландыру жылдан-жылға ұлғайып келе жатқанына қарамастан отандық ғылым әзірге ел экономикасының мүддесі үшін жұмыс істемей тұр. Ғылым мен өндірістің арасы алшақтап кетті. Бұл пікірді «Нұр Отан» партиясының Баспасөз орталығында өткен брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Бишімбаев айтты.
Қазір елімізде 392 ғылым ұйым тұрақты жұмыс істеп тұр. Алайда, жасалып жатқан зерттеулердің нәтижелеріне, ғылыми жаңалықтарға, жаңа технологияларға бизнес тарапынан әлі сұраныс жоқ. Көптеген ғылыми зерттеулер зертханалардан аспай жатыр. Ғалымдарымыз ойлап тапқан жаңа технологиялардың көбі тәжірибеден өткізілместен, кезекті ғылыми жаңалық ретінде тіркеледі де, қағаз жүзінде қалып қояды. Бұл жағдай инновацияларды коммерцияландыруға да мүмкіндік бермей отыр. Енді мұндай олқылықты жою үшін арнайы заң жұмыс істемек.
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан республикасының заңын таныстырған депутат бұдан былай ғылымға бөлінетін қаржы босқа кетпейтіндігіне сенімді. Өйткені, ғылымды коммерцияландыру заң арқылы реттеліп, бөлінген қаржының сұрауы да болады. Соның нәтижесінде ғылым мен өндірістің байланысы күшеюі тиіс. Депутаттардың жаңа заңнан күтіп отырған үміті де осы.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26