Арменияның халықаралық қоры күрт кеміп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арменияның халықаралық қоры күрт кеміп кетті

04.03.2015
Арменияның халықаралық қоры күрт кеміп кетті

Бүгін Армения мамандары дабыл қақты. Олар елдің халықаралық қорлардағы қаражатының күрт кеміп кеткенін айтуда.

Қазіргі таңда Арменияның жиған-тергені - 1,351 миллиард доллар. Бұл - өткен жылғыдан 900 миллион долларға кем.

Дағдарыстың ел экономикасына дендеп енуі Арменияны қорларындағы қаражатты жедел жұмсауға мәжбүрлеуде.

Бұдан төмен көрсеткіш 2009 жылғы дағдарыста байқалған. Ол кезде елдің халықаралық қорлардағы қаражаты 1,258 миллиард долларға дейін кеміген еді.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу