Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер диалогы» атты VII халықаралық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер диалогы» атты VII халықаралық форум өтті

12.11.2015
Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер диалогы» атты  VII халықаралық форум өтті
Назарбаев университетінде өткен форумға Германия, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Еуроодақ және Дүниежүзілік банктен жалпы саны 700-ден астам делегаттар қатысты.

«Бәсекеге қабілетті маман даярлау күн тәртібіндегі басты мәселе». Бүгін «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер диалогы» атты 7-ші халықаралық форумда Аслан Сәрінжіпов осылай деп мәлімдеді.

Назарбаев университетінде өткен форумға Германия, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Еуроодақ және дүниежүзілік банктен жалпы саны 700-ден астам делегаттар қатысты.

Жиналғандар дуальды білім білікті маман даярлауға таптырмайтын тәсіл екенін алға тартты. Қазір еліміздің 10 колледжінде осы дуальды білім жүйесі енгізілген.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу