Елімізде «Ең үздік» педагог байқауы мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Ең үздік» педагог байқауы мәресіне жетті

01.10.2015
Елімізде «Ең үздік» педагог байқауы мәресіне жетті

Аслан Сәрінжіпов ұстаздарды келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, келер жылдан бастап мектеп оқытушыларының жалақысы 44 пайызға артатынын айтты. Сондай-ақ министр 40-қа жуық ұстазды «Еңбек ардагері», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапаттады. Биыл «Үздік педагог»  байқауы төртінші мәрте ұйымдастырылды.

Оған еліміздің 400-ден астам мектеп және колледж ұстаздары қатысқан.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу