Аслан Сәрінжіпов Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының жаңа жатақханасын аралады. Студенттер үйі заманауи үлгіде салынған. 500 орынға лайықталған жатақхананың құрылысына 1 миллиард 237 миллион теңге жұмсалған.
Ғимарат ішінде кітапхана, асхана, арнайы медициналық кабинеттер, химиялық тазарту бөлімшесі де қарастырылған. Білім министрі оқуда озат студенттердің алғашқы легіне өз қолымен бөлме кілттерін табыс етті.
Ғани ҚАЛМАХАН