Меркі ауданында ғалым Т.Қожакеев атына мектеп берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меркі ауданында ғалым Т.Қожакеев атына мектеп берілді

01.09.2015
Меркі ауданында ғалым Т.Қожакеев атына мектеп берілді

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы №39 орта мектеп-гимназиясына сатираның сардары атанған филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің есімі берілді.

Қазақ журналистикасы мен сатирасының тарихын тереңінен зерттеген белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз Темірбек Қожакеевтің еліне сіңірген еңбегі зор. Ол ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін басқарып, мыңдаған шәкірт тәрбиеледі.

Бір кездері өзі тәлім алған 1000 орындық білім ордасына ғалымның ескерткіші қойылып, мектеп ішінен Темірбек Қожакеев атындағы  мұражай ашылды.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу