Шығыс Қазақстан облысында 674 мектепте алғашқы қоңырау соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 674 мектепте алғашқы қоңырау соғылды

01.09.2015
Шығыс Қазақстан облысында 674 мектепте  алғашқы қоңырау соғылды

Төлеген Тохтаров атындағы білім ордасының табалдырығын 140 оқушы аттады. Олардың ішінде, 13 балғын биыл партаға алғаш рет отырады.

1-ші сынып оқушылары мектеп, мұғалім және білім туралы жаттаған тақпақтарын айтып, өте жақсы оқуға уәде беруде.

Облыс бойынша Бесқарағай, Глубокое және Күршім аудандарындағы балалар  оқу маусымын  жаңа мектепте бастап жатыр. Облыстық Білім басқармасының мәлімдеуінше, барлық мектептер жаңа оқу жылына дайын, оқулықтар түгел жеткізілген.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу