Төлеген Тохтаров атындағы білім ордасының табалдырығын 140 оқушы аттады. Олардың ішінде, 13 балғын биыл партаға алғаш рет отырады.
1-ші сынып оқушылары мектеп, мұғалім және білім туралы жаттаған тақпақтарын айтып, өте жақсы оқуға уәде беруде.
Облыс бойынша Бесқарағай, Глубокое және Күршім аудандарындағы балалар оқу маусымын жаңа мектепте бастап жатыр. Облыстық Білім басқармасының мәлімдеуінше, барлық мектептер жаңа оқу жылына дайын, оқулықтар түгел жеткізілген.
Берік КӨШЕРБАЙ