Білім және ғылым министрінің қатысуымен селекторлық кеңес өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім және ғылым министрінің қатысуымен селекторлық кеңес өтті

28.08.2015
Білім және ғылым министрінің қатысуымен селекторлық кеңес өтті

Ақтөбе қаласындағы мектептердің жартысына жуығы оқулықпен толық қамтылмаған.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінде өткен селекторлық отырыс барысында Ақтөбе облыстық білім басқармасының өкілі айтты.

Оның сөзінше орта мектептерді оқулықпен толық қамту қыркүйек айының ортасына қарай шешіледі. Негізгі себеп, ішкі миграцияның белсенділігі, яғни ауылдан қалаға халық көп көшіп, мектепке баратын бала саны күрт өскен.

Қазір мәселені шешу үшін жергілікті мәслихат қосымша қаражат бөлуді мақұлдаған. Министр оқулық мәселесіне салғырт қараған шенеуніктерге жаза қолдану туралы ұсыныс енгізетінін де жеткізді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ 

Хабарламаларға жазылу