Ғалымдар Ұлт жоспарындағы ғылым мен білім саласына жүктелген міндеттерді талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар Ұлт жоспарындағы ғылым мен білім саласына жүктелген міндеттерді талқылады

17.07.2015
Ғалымдар Ұлт жоспарындағы ғылым мен білім саласына жүктелген міндеттерді талқылады

Алматыда Елбасының 5 негізгі реформасын іске асыру бойынша білім және ғылым саласындағы міндеттер талқыланды.

Ұлт жоспарын орындауға бағытталған перспективалық зерттеулер мен EXPO-2017 көрмесіне арналған академия ғалымдарының жобалары қаралды.

«Таза энергия» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында жасыл энергетика, жел-су энергетикасы, Күн қуаты мен космостық энергияны тиімді пайдаланудың әзірлемелері ұсынылды.

Бүкіләлемдік нано-спутниктік тенденцияға сай болу үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан дүниежүзілік нано-спутниктер ұшыру алаңын құру мәселесі жоспарланды. 

Жиынды Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы мен Білім және ғылым министрлігі бірігіп өткізді.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу