Мәскеуде жас журналистер мен сарапшыларға арналған Жазғы мектеп жұмысы басталды

14.07.2015
Мәскеуде жас журналистер мен сарапшыларға арналған Жазғы мектеп жұмысы басталды

Мәскеу қаласында жас журналистер мен сарапшыларға арналған Жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Аталмыш семинарды ЕЭК мен Халықаралық істер жөніндегі Ресейлік Кеңес ұйымдастыруда.

Шара барысында Еуразиялық интеграция мәселелерін зерттеп жүрген Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғыз елінің жастары бас қосты.

Ондағы мақсат - сарапшылар мен саясаттанушыларға Еуразиялық экономикалық интеграция туралы көбірек ақпарат беріп, қолға алған істі баршаға түсіндіру.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу