Эстонияда электр энергиясы 15 пайызға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эстонияда электр энергиясы 15 пайызға қымбаттады

02.03.2015
Эстонияда электр энергиясы 15 пайызға қымбаттады

Бұл жаңалық қатардағы қарашаның ашуын туғызғаны анық, алайда дағдарысқа қарсы тұрар қаржысы жоқ елдің басқа амалы қалмаған.

Эстония парламентінің депутаттары болса, мұндай қадам елдің билікке деген сенімсіздігін тудыратынын және қарапайым эстондықтардың жағдайын күрт нашарлатып жіберетінін ескертті.

2010 жылдан бері Эстонияда электрэнергия бағасы 158 пайызға өскен. Елде бүгін бекітілген баға Еуроодақ мақұлдаған межеден 4,5 есеге көп екен.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу