ҰБТ-ның үшінші күні қорытындыланды

05.06.2015
ҰБТ-ның үшінші күні қорытындыланды

Бүгін Ұлттық бырыңғай тестілеудің үшінші күні қорытындыланды. Еліміз бойынша кеше 165 пункт жұмыс істеп, 56 318 түлек  тест тапсырды. Оның 10 349-ы сынақтан өте алмаған.

Республика бойынша ҰБТ-ның орташа балы - 79,5-ке тең.

Сынақтың үшінші күні Қазақстан бойынша ең жоғары балды екі оқушы иеленді. Оның бірі - Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Сымбат Самат болса, екіншісі оңтүстікқазақстандық Лаура Абдазимова.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу