Петропавл қаласында бүгін 492 түлек ҰБТ тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл қаласында бүгін 492 түлек ҰБТ тапсырды

02.06.2015
Петропавл қаласында бүгін  492  түлек  ҰБТ тапсырды

Петропавл қаласында бүгін 492 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. 

Құзырлы органдар олардың бөгде зат алып кірмеуін және рұқсат етілмеген көмекші құралдарды қолданбауларын бақылауда ұстады.

Ал, сыртта күтіп тұрған ата-аналар үшін арнайы экран қойылып, балаларын көріп отыруларына мүмкіндік жасалды. 

Биыл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  3 733 бала мектеп бітірді. Тестілеуге олардың 2 531-і қатыспақ. 112 оқушы «Алтын белгіге», 51-і үздік аттестатқа үміткер.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу