Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астанадағы №64 мектеп түлектеріне ақ жол тіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астанадағы №64 мектеп түлектеріне ақ жол тіледі

25.05.2015
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астанадағы №64 мектеп түлектеріне ақ жол тіледі

Түрлі республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болғандар да жетерлік. Ал, биылғы түлектер саны – 116. Оның бесеуі «Алтын белгіге» үміткер. 

Айта кетейік, биыл республика бойынша 124 мың оқушы мектеп бітіруде. Оның 4 мыңға жуығы «Алтын белгіге» үміткер. Ұлттық біраңғай тестілеуге де 90 мыңға жуық түлек қатысады.

Ал, Астана қаласы бойынша 4407 қыз-жігіт мектеппен қоштасады. «Алтын белгіге» 180 оқушы үміт артып отыр. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу