Түрлі республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болғандар да жетерлік. Ал, биылғы түлектер саны – 116. Оның бесеуі «Алтын белгіге» үміткер.
Айта кетейік, биыл республика бойынша 124 мың оқушы мектеп бітіруде. Оның 4 мыңға жуығы «Алтын белгіге» үміткер. Ұлттық біраңғай тестілеуге де 90 мыңға жуық түлек қатысады.
Ал, Астана қаласы бойынша 4407 қыз-жігіт мектеппен қоштасады. «Алтын белгіге» 180 оқушы үміт артып отыр.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ