Алматыда «Қазақ хандығы және Қазақстан: идеялар мен ғасырлар жалғастығы» атты халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қазақ хандығы және Қазақстан: идеялар мен ғасырлар жалғастығы» атты халықаралық конференция өтті

27.02.2015
Алматыда «Қазақ хандығы және Қазақстан: идеялар мен ғасырлар жалғастығы» атты халықаралық конференция  өтті

Түркі академиясы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті жанындағы еуразия ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған шараға Түркия, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы келген  тарихшылар мен түркітанушы ғалымдар қатысты.

Басқосуда Қазақ хандығының жалпы Түркі тарихындағы орны мен маңызы талқыланып, аталған мерейлі тойды бауырлас түркі елдерінде де насихаттау жайы сөз болды.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу