Есенғазы Иманғалиев: Қыркүйек айынан бастап 30 мектеп 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есенғазы Иманғалиев: Қыркүйек айынан бастап 30 мектеп 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеді

24.02.2015
Есенғазы Иманғалиев: Қыркүйек айынан бастап  30 мектеп 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеді

«Ел ертеңі - білімді ұрпақ».

Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Білім және ғылым министірлігі бірлесіп халықаралық форум өткізді.

Шараға шетелдік сарапшылар қатысты. Отандық білім саласының жеткен жетістіктері және болашағы талқыға түсті.

Вице-министр Есенғазы Иманғалиев қыркүйек айынан бастап, еліміздің 30 мектебі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетіндігін айтты.

Шара барысында шетелдік сарапшылар ұсыныстарын жеткізді.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу