Бердібек Сапарбаев: Кейбір оқу орындары жұмыссыздар тобын жасақтауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Сапарбаев: Кейбір оқу орындары жұмыссыздар тобын жасақтауда

12.02.2015
Бердібек Сапарбаев: Кейбір оқу орындары жұмыссыздар тобын жасақтауда

Бүгін білім саласының өкілдері Астанада бас қосып, алдағы мақсат-межелерді  пысықтады. 

Жиынға вице-премьер Бердібек Сапарбаев төрағалық етті.

Премьер-министрдің орынбасары министрлікке нақты тапсырмалар жүктеді.  Сала мамандарының басқосуында 7 жылдан бері шешілмей келе жатқан дуальді білім беру жүйесі сынға алынды.

Сондай-ақ, вице-премьер «кейбір оқу орындары керісінше жұмыссыздар тобын жасақтап жатыр», дегенді айтты. 

Бұл салада биыл тәртіп пен тексеру  күшеймек.

Үкімет Бас прокуратурамен бірігіп, тиісті талапқа сай келмейтін оқу орындарын лицензиядан айырмақ.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу