Қазақстандық мамандар халықаралық жобада бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық мамандар халықаралық жобада бақ сынайды

12.02.2015
Қазақстандық мамандар халықаралық жобада бақ сынайды

«Кәсіпқор» холдингі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолға алуымен Қазақстан алғаш рет әлемдік деңгейдегі мамандарды анықтайтын байқауға қатысады.  

Жер шарының түкпір-түкпіріндегі жас мамандар үшін түрлі олимпиадалар  ұйымдастыратын «WorldSkills»   қауымдастығы техникалық мамандықтарға назар аударады.

Қауымдастыққа 72 мемлекет мүше.

Байқауға техникалық колледж студенттері мен кәсіпорындардағы жас мамандар қатыса алады.

Жеңімпаздар тамызда әлемдік додада бақ сынау үшін Бразилияға аттанады.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу