Қазақ ғылымы көшірмеден қашан құтылады? Біреудің еңбегіне «жиендік» жасаудан көш ілгері келе жатқан жайымыз бар.
Дереккөздерге сүйенсек, еліміздегі әрбір оныншы еңбек плагиат, яғни, өзгенің дүниесінен ұрланған.
Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы соңғы 4 жылда шамамен 9 мыңға жуық ғылыми жұмысты тексерген. Оның ішінде 11,7 пайызы - РhD диссертациясы, 78,3 пайызы - магистрлік жұмыстар, ал кандидаттық және докторлық диссертациялар 8,5 пайызды құраса, қалғаны - ғылыми құжаттар.
Туындылардың 11,1 пайызы көшірме деп танылған.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ