«Самұрық-Энерго» компаниясы жұмыс орындарын қысқартпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Энерго» компаниясы жұмыс орындарын қысқартпайды

27.02.2015
«Самұрық-Энерго» компаниясы жұмыс орындарын қысқартпайды

Басқарма төрағасының айтуынша, экономикалық жағдайларға байланысты компанияның 2015-ші жылғы даму жоспарына өзгерiстер енгiзiлген. 

Әкiмшiлiк шығыстар мен инвестициялық жобалар қаржысы қысқарған. Алайда, мұның әлеуметтiк тұрақтылыққа әсер етпейтінін айтты төраға.

Компания өткен жылы өндiрiс, электрқуатын жеткiзу, көмiр өндiру бойынша жоспарлы көрсеткiштердi толық орындағанын жеткізді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу