Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі бірдей оқушысы халықаралық SAT емтиханын тапсырып, үздік атанды. Аталған білім тесті бір мезетте әлем бойынша тек ағылшын тілінде ғана өткізіледі. Семейлік оқушылар білім байқауына математика пәні бойынша қатысқан. Сөйтіп ең жоғары нәтижені көрсеткен. Енді бұл жетістік оқушылардың әлемнің кез-келген мемлекетіндегі таңдаулы оқу орындарына түсуге мүмкіндік бермек.
SAT тестілеу жүйесі АҚШ-та бірнеше жыл бұрын пайда болған. Қазір әлемнің барлық елдеріндегі азаматтар білім деңгейін дәлелдеу үшін, осы сынақты өз қаласындағы SAT орталығында тапсыра алады. Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Тілес Үсербаев пен Жәнібек Әли жақында өткен білім сынағына қатысып, ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 175 мемлекеттің өкілдері қатысқан білім бәсекесі, математика пәнінен ағылшын тілінде өткен. Семейлік таланттар қойылған 800 сұраққа түгелдей қатесіз жауап берген.
Ержан ЖАҚЫП