Атырау облысында мұнай саласына қажетті мамандар даярлайтын орталық жұмыс істеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында мұнай саласына қажетті мамандар даярлайтын орталық жұмыс істеуде

26.11.2014
Атырау облысында мұнай саласына қажетті мамандар даярлайтын орталық жұмыс істеуде

Мұнда білім беру бағдарламасы Канаданың Альберта технологиялар институтымен бірлесіп жүргізіледі.

Қазір білім ордасында еліміздің әр түкпірінен келген 600-дей студент білім алуда. 

Орталықта негізінен мұнай саласына ауадай қажетті мамандар даярланады. Бұл өз кезегінде шетелдік мамандарға деген тәуелділікті жояды.

Қазір оқу орнында жиырмадан астам шетелдік және 37 отандық ұстаз сабақ береді.

Ал, болашақта шетелдіктердің орнын өзіміздің оқытушылар басатын болады.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу