Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да жаңа 5 зертхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да жаңа 5 зертхана ашылды

23.10.2014
Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да жаңа 5 зертхана ашылды

Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің іргесінен инновациялық технологиялармен жабдықталған 5 зертхана ашылды.

Индустриялық бағытты ұстанған елімізде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын орталықтың бой көтеруіне университеттің әріптестері қолдау көрсетіпті.

Бұрын инженерлер кәсіпорынның талаптарына жауап бере алмаса, енді мұның ауылы алыстады.

Жас мамандар алған білімдерін жоғары технологияның мүмкіндігімен дәлелдей алады. Сол арқылы инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығарады.

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу