Ақшымырау ауылының мектебі жылыту маусымына толық дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақшымырау ауылының мектебі жылыту маусымына толық дайын емес

22.10.2014
Ақшымырау ауылының мектебі жылыту маусымына толық дайын емес

Маңғыстау облысының Ақшымырау ауылындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздары суықтан бүрсең қағып отыр.

Өйткені, білім ұясына беріліп жатқан жылу өте мардымсыз.

Оның себебін мамандар мектептегі пән кабинеттерінің кең, терезелерінің үлкен, жылу батареялары санының аздығымен байланыстырып отыр.

Күздің қара суығына тоңған оқушылар мен ұстаздар «Қыста жағдайымыз тіптен мүшкіл бола ма?», деп алаңдап отыр.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу