Маңғыстау облысының Ақшымырау ауылындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздары суықтан бүрсең қағып отыр.
Өйткені, білім ұясына беріліп жатқан жылу өте мардымсыз.
Оның себебін мамандар мектептегі пән кабинеттерінің кең, терезелерінің үлкен, жылу батареялары санының аздығымен байланыстырып отыр.
Күздің қара суығына тоңған оқушылар мен ұстаздар «Қыста жағдайымыз тіптен мүшкіл бола ма?», деп алаңдап отыр.
Жазира ӘБІЛ