«Болашақ» түлектерінің саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» түлектерінің саны артып келеді

18.10.2014
«Болашақ» түлектерінің саны артып келеді

Атырау өңірінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған жүзден астам азамат сан түрлі салада жемісті еңбек етуде.

Олардың қатары жыл санап талантты жастармен толығып келеді. Жұмысқа қабылданып жатқандар терең білімдерімен қатар, жаңашыл бастамаларымен, іскерлік талпыныстарымен көзге түсіп жүр.

Мұндай үрдіс шетелдік инвестиция салынған ірі компанияларда да байқалады. Мекеме басшыларының айтуынша, бұрынғыдай шетелден мамандарды топтап шақыру едәуір сейілген. Өйткені оған қомақты қаржы жұмсалады, яғни экономикалық жағынан тиімсіз.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу