Ата-аналарға психологиялық көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата-аналарға психологиялық көмек көрсетіледі

13.09.2014
Ата-аналарға психологиялық көмек көрсетіледі

Ертең ел аумағындағы барлық мектептерде 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиын өтпек. Оған 170 мыңдай ата-ана қатысады. Баласы мектеп табалдырығын алғаш аттаған отбасы қандай қиындықтарға тап болуда? Одан шығудың жолы қандай? 250 психолог маман сан сауалдың жауабын табуға көмектеседі.

Ата-аналарды сөмке салмағы алаңдатады, дейді мамандар. Біздегі бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер тым көп. Мәселен, Еуропа елдерінде 1-сыныпта небәрі 4 пән оқытылса, бізде 15-тен асады. Оқу бағдарламасы онсыз да қиын оқушыға кей ата-ана қосымша міндет жүктейді.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу