«Сорбонна-Қазақстан» француз институты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сорбонна-Қазақстан» француз институты ашылды

04.09.2014
«Сорбонна-Қазақстан» француз институты ашылды

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университеті базасында  «Сорбонна-Қазақстан» француз институты ашылды.

Аты әлемге әйгілі Сорбонна-Париж сити университетінің құрылымдары бұрын тек Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істеп келген.  

Институт басшылары «Халықаралық қатынастар» және «Менеджмент»  мамандығы бойынша оқуға түскен 60 магистрантқа сертификат табыстады.

Алдағы уақытта оқу орны педагогика, әлеуметтану, саясаттану, сәулет және дизайн мамандарын даярлауды жоспарлап отыр.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

Хабарламаларға жазылу