Ақтауда 1-сынып оқушыларына мектеп киімі тегін таратылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 1-сынып оқушыларына мектеп киімі тегін таратылуда

21.08.2014
Ақтауда 1-сынып оқушыларына мектеп киімі тегін таратылуда

Маңғыстау облысының 1-ші сынып оқушылары тегін мектеп формасымен қамтылып жатыр. Мұндай шара еліміз бойынша тек  қана осы өңірде қолға алынып отыр. Бірыңғай мектеп киімі алғаш білім ошағының табалдырығын аттайтын 12,5 мың балаға таратылады.

Сондай-ақ, оларға тегін оқулық пен ыстық тамақ та беріледі. Бір мектеп киімінің бағасы шамамен 5-6 мың теңгеге шығып отыр.

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу