Астанада « IPhO-2014» халықаралық олимпиадасының екінші кезеңі өтуде. Оған әлемнің 83 мемлекетінен келген 379 оқушы қатысуда. Олар 15-ші шілде күні физика пәнінен теория бойынша тест тапсырған болатын.
Ал, бүгін оқушыларға тәжірибелік кезең бойынша бақтарын сынауда. Ұйымдастырушылардың айтуынша тапсырмаларды орындау үшін оқушыларға 5 сағат берілген.
Олимпиаданың жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 20-шы шілде күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
Гүлия Нұрбақова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті:
Жинақталған тапсырмалардың бір ерекшелігі - физиканың қиын салаларының бірі саналатын оптика бөліміне арналған. Қызықты тәжірибелік жұмыстар жасауға болады.
Айдана ҮСЕНБАЙ