Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне гранттар берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне гранттар берілді

16.07.2014
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне гранттар берілді

Оңтүстік Қазақстан облысында ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші түлектерге жоғары оқу орындарына мемлекеттік гранттар табысталды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде 50 баллдан артық жинаған жетім балаларға облыс әкімдігі мен өңірдегі жоғары оқу орындарының басшылары арнайы жолдамаларды тапсырды.

Мемлекеттік грантты бұл жолы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті мен Оңүстік Қазақстан педагогикалық институты, сондай-ақ, Қазақ-Түрік университеті бөлді. 16 жасөспірім еліміздің солтүстік облыстарында жоғары білім алатын болды.

Майра Қалуова, мемлекеттік грант иегері:

Бала күнгі арманым дәрігер болу еді. Міне,  қазір бала күнгі арманыма бір табан жақындағандаймын. Жолдама алғаныма қуаныштымын. Елімізге қызмет атқаруға уәде беремін.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу