«Болашақ» бағдарламасы бойынша 201 адам шетелге оқуға барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасы бойынша 201 адам шетелге оқуға барады

18.06.2014
 «Болашақ» бағдарламасы бойынша 201 адам шетелге оқуға барады
Биыл 201 адам «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге оқуға аттанады.
 
Бұл туралы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында белгілі болды.
 
Арнайы комиссия стипендия иегерлерін анықтап та үлгерді.  Отырыста сондай-ақ, халықаралық стипендияны тағайындауға және одан айыруға қатысты келіп түскен өзге де мәселелер қаралды.
 
Шетелдік тағылымдамаға жіберілетін қызметкерлердің санатын анықтау жөніндегі функция бекітілді.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу