Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты соңғы 10 жыл бойы үздіктер қатарынан көрініп келеді.
Мәселен, 2010 жылы мектептің екі түлегі 125 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті. Биыл мектептің «Алтын белгіге» үміткер 25 түлегінің 23-і тестілеуді сәтті тапсырып, сенімді ақтап шықты.
Тағы бес бала ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды.
Нәсіпқали Дәулетов, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының директоры:
Мектеп бітіруші түлектер соңғы 10 жыл көлемінде жоғары оқу орындарына 100 пайыз грантпен қабылданып отыр. «Алтын белгі» де, оқушылардың үздік аяқтауы да сөз жоқ, білім сапасының көрсеткіші. ҰБТ - білімді бағалау моделі екендігін, әрбір балл оқушының шын білім сапасы екендігін педагогтар жақсы түсінеді.
Рауан ДИӘЛИ