Бүгін бір топ айтыскер ақын мен ғалым-жазушылардың кітаптары қалың оқырманға жол тартты. Әрқайсысы 1000 данамен жарық көрген басылымдардың тұсаукесер рәсімі Астанадағы Ұлттық кітапханада өтті.
Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен басылып шыққан жинақтың бірі - «Айтыстану». Ол ұлттық өнерімізді зерттеп-зерделеген ғалымдардың ғылыми еңбектерінен құралса, «Ақын-жыраулар поэзиясы» жинағы XV-XVIII-ғасыр аралығындағы жыраулар поэзиясын қамтыған.
Аманжол Әлтай, айтыскер ақын:
Үшінші кітап «Аманжол-Сара» деп аталады. Әр кезеңдердегі менімен Сара екеуміздің айтысымыз жайындағы ғалымдардың айтқан пікірлерін топтастырып, осы кітапты ұсынып отырмыз.Төртінші кітап Серікзат Дүйсенғазының «Қарашығымда көшкен бұлт» атты поэзия жинағы.
Айдана ҮСЕНБАЙ