Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында оқушыларды сындарлы ойлау мен ақпаратты терең талдауға машықтандыру керектігін айтты. Осыған орай Астанада «Қазақстандағы білім беру ісін сыни тұрғыдан ойлау» атты баспасөз конференциясы өтті.
Шараға білім саласының өкілдері мен саясаткерлер, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Басқосу барысында оқушыларға сындарлы ойлаудың маңыздылығы мен ақпаратты дұрыс талдай білудің жолдары көрсетілді.
Сондай-ақ, олар арнайы әзірленген тесттерден өту арқылы өздерінің ойлау қабілеттерінің қандай деңгейде екендігін анықтады. Айта кетейік, конференцияны ұйымдастыруға «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы мұрындық болды.
Айдана ҮСЕНБАЙ