Министр жас физиктермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр жас физиктермен кездесті

12.03.2014
Министр жас физиктермен кездесті

Биыл Елорда әлемдік физика астанасы атанады. Астанада алдағы шілде айында әлемнің 80-нен астам елінің оқушылары қатысатын 45-ші физика Олимпиадасы өтеді.

 
Бүгін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов осы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасымен кездесті. Кездесуде министр жас физиктердің жарысқа дайындығымен танысты, олардың елдегі білім жүйесіне қатысты пікірлерін тыңдады. 
 
Айта кету керек, былтыр біздің оқушылар халықаралық Олимпиадаларда 188 алтын мен 298 қола медальға қол жеткізді. Жиын соңында министр үздік физиктерге қалта телефоны мен Алғыс хаттар табыс етті, естелік фотоға да түсті.
 
Нұрбек Дінмұхамед, 11-сынып оқушысы:
Командамыз әлемде жиырмалыққа кіреді. Мамырда Сингапурда Азиялық Олимпиада өтеді. Оған да дайындалып жүрміз. Қазақстан атынан 8 оқушы қатысады. Жазда Астанада халықаралық физика Олимпиадасы өтеді. Командамыз жақсы деңгейге жетеді, деп ойлаймын.
 
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу