Нақты оқу бағдарламалары мен мемлекеттік гранттар жөнінде жан-жақты ақпар берілді. Студенттер өздерін қызықтыратын сауалдарын ортаға тастап, Сингапурден және БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінен келген меймандармен пікір алысты.
Балжан Ұшақбаева, студент:
Біздің мектебіміз - мемлекеттік жоғары мектеп. Бұл - Сингапурдегі мемлекеттік басқару мектебімен бірге іске асырылып жатқан үлкен бағдарлама. Бағдарлама болашақта Қазақстанның мемлекеттік басқару саласына білімді мамандарды даярлауға арналған.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ