Денис Тен қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен қайтыс болды

19.07.2018
Денис Тен қайтыс болды

Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов растады.

Белгілі болғандай, оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00-дер шамасында болған.

Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, спортшыны белгісіз адамдар жазым қылған.

 

Хабарламаларға жазылу