Коньки спорты. Екатерина Айдова 1500 метрлік қашықтықты 18-ші орында аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коньки спорты. Екатерина Айдова 1500 метрлік қашықтықты 18-ші орында аяқтады

12.02.2018
Коньки спорты. Екатерина Айдова 1500 метрлік қашықтықты 18-ші орында аяқтады

Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII Қысқы Олимпиада ойындарында отандасымыз Екатерина Айдова конькимен жүгіруден 1 500 метр қашықтықты 1:59.05 минутта сырғанап, жарысты 18-ші орынмен аяқтады. 

Алтын медаль голландиялық Айрин Вустқа бұйырса, күміс және қола медаль жапониялық Михо Такаги мен тағы бір голландиялық жүйрік Маррит Ленстраға бұйырды. Екатерина Айдова жеңімпаздан +4.70 секундқа қалып қойды.

Жарысты бүгін 00:05-те «Qazsport» арнасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу