Төрт жылдықтың басты додасы Ақ Олимпиада ойындарының да басталуына санаулы күндер қалды. 57 жолдамаға иелік еткен жерлестеріміз 9 спорт түрінде ел намысын қорғайды. Ал, бүгін Олимпиада қалашығында салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Туы көтерілді.
Салтанатты шараға ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев және спортшылар қатысты. Осылайша, 7-ші ақпаннан бастап Қазақ елінің көк Туы таң тазалығы елінде желбіреп тұр. Олимпиада ұйымдастыру комитетінің өкілдері жылы лебіздерін білдіріп, қазақстандық спортшыларға сәттілік тіледі.
Қазақ елінің көк Туы Олимпиада қалашығында Украина және Польша мемлекеттерімен қатар көтерілді. Осы күннен бастап Қазақ елінің құрамасы Олимпиада Туы астында ресми түрде өнер көрсететін болады.
Енді 9 ақпанда өтетін салтанатты ашылу рәсімін барша жанкүйер қауыммен қатар спортшылар да асыға күтеді.