Атырауда Олимпиада спортшыларына қолдау көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Олимпиада спортшыларына қолдау көрсетті

22.01.2018

ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарында бәсекеге түсетін Қазақстан құрама командасына қолдау және бұқара арасында қысқы спорт түрлерін насихаттау мақсатында Жайық өзенінде спорттық шара өтті. Атырау қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қолға алынған игі бастама тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. 500-ге жуық адам жиналған спорттық сайыста тегін коньки таратылып, мұз айдында сырғанақ тебуге мүмкіндік жасалды. Шайбалы хоккей, шаңғымен жүруден жарыстар өтті. Отбасылар арасында эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Бимырза Тайжанов, қала тұрғыны:

- Әрқашанда осындай болғанын қалаймыз. Атырау қаласында биыл ерекше аяз тұрып, балалар жақсы ойнап жатыр. Каток, конькимен сырғанау, хоккей ойнап жатыр. Соның бәрі қызықты өтуде.

 

Ж. ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу