16-шы жұп Нұрым Сәлімгереев пен Әділжан Ыстыбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16-шы жұп Нұрым Сәлімгереев пен Әділжан Ыстыбаев

02.07.2017

16-шы болып бозкілемге қызылордалық Нұрым Сәлімгереев пен Оңтүстік Қазақстан облысының палуаны Әділжан Ыстыбаев шықты.

Нұрым Сәлімгереев 2015 жылғы «Қазақстан барысында» Мейрамбек Жаңабаевты, Айбол Айтпековты ұтып, ширек финалда Бейбіт Ыстыбаевтан жеңілген болатын.  ҚР чемпионы (2015), «Жас Барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы (2013), «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2015). Бапкері - Әділбек Серікбаев.

Әділжан Ыстыбаев турнирге 2011 жылы қатысқан. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жастар арасындағы Әлем чемпионы (2011), Ересектер арасындағы Азия чемпионы (2011, 2013). Бапкері -  Ғани Ақмұратов.

Бүгінгі белдесуде қарсыласынан басым түсті. Келесі айналымда ол Ұлан Рысқұлмен жолығады. 

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу