Ұлан Рысқұл алғашқы белдесуінде бар-жоғы 23 секундта жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлан Рысқұл алғашқы белдесуінде бар-жоғы 23 секундта жеңіске жетті

02.07.2017

15-ші жұп  - Ақмола облысының палуаны Дәулет Әшірханов пен Алматы облысы атынан қатысып отырған Ұлан Рысқұл.

Дәулет Әшірханов турнирге тұңғыш рет қатысуда. Лақап аты – «Қоқан». Ақмола облысының үш дүркін чемпионы. Бапкері – Олжас Сүлейменов.

Тұңғыш «Қазақстан барысы» Ұлан Рысқұл  былтырғы  турнирдің ширек финалында Бейбіт Ыстыбаевқа есе жіберген болатын.  Бүгінгі алғашқы белдесуінде бар-жоғы 23 секундта таза жеңіске жеттті.

Осылайша, Ақмола облысынан қатысқан екі палуан да жеңіліп отыр.  Ал, Ұлан Рысқұл  мен Александр Касачев Алматы облысының намысын келесі кезеңде тағы қорғайтын болады.

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу