Әділет Нұрпейісов алғашқы белдесуінде жарыс жолын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділет Нұрпейісов алғашқы белдесуінде жарыс жолын аяқтады

02.07.2017

Абылайхан Қасымхан – Қостанайлық палуан. «Қазақстан барысы» турниріне өткен жылдан бері қатысып келеді. Қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер. Бапкері - Жұмахан Қасымқанов.  

Қарсыласы – павлодарлық Әділет Нұрпейісов. Қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер. Бапкері - Абай Күбесов

Белдесудің 4 минут 22 секундында Абылайхан Қасымхан таза жеңіске жетті.

Осылайша,  «Баянауыл арланы»  турнирге тұңғыш рет қатысып, алғашқы белдесуінде жарыс жолын аяқтады.

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу